Меркі ауданы: Қадір түні қарсаңындағы қайырымдылық

Меркі ауданы: Қадір түні қарсаңындағы қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешітінде 50 мұқтаж отбасыға қуаныш сыйлаған қайырымдылық шарасы өтті.

«Рамазан қоржыны» акциясы аясында өткізілген шара барысында Меркі ауданына қарасты барлық елді-мекендердегі тұрмысы төмен отбасыларға, көп балалы аналарға, асыраушысынан айырылған мұқтаж жандарға азық-түлік қоры таратылды.

Қадір түні қарсаңында орталық «Меркі ата» мешітінде ұйымдастырылып отырған дәстүрлі акция, бұған дейін Рамазан айының әр 10 күндігінде екі рет ұйымдастырылып, 100 адамды қамтыған болатын.

Рамазан айының мейірімін сезіндірген «Рамазан қоржыны» акциясы, бұған дейін ауданымыздағы басқа да құлшылық ордаларында да өткізілген болатын.

Көмек алған отбасылар өз алғыстарын білдіріп, баталарын берді.

Бас имам демеушілік еткен «Ақжүніс ана» қорының ұжымына өз ризашылыған білдіріп, отбастарына, кәсіптеріне береке тілеп, дұға жасады.

Бұл игі іс-шара Рамазан айының ақырғы күніне дейін жалғасатынын атап өтті.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: