Қазақстан және ИЫҰ өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды

Қазақстан және ИЫҰ өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстан Республикасына алғаш сапарымен келген Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Ияд бен Амин Маданимен кездесті.

 Кездесу барысында Е. Ыдырысов ИЫҰ бейбітшілікті сақтау мен ынтымақтастықты нығайтуда және мұсылман қауымдастығының өзекті мәселелерін шешуде маңызды рөл атқаратындығын атап өтті. Ол Қазақстан ИЫҰ-мен өзара тиімді қатынастар дамытуға зор мән беретіндігін айтып, бұл қатынастардың дамуына 2011-2012 жылдары Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалық етуі елеулі шабыт бергенін атап өтті. Қазақстандық төрағалық барысында жалпы 40-қа жуық іс-шаралар өткізілді, олар ИЫҰ күн тәртібі мен қызметін айтарлықтай кеңейте түсті.

Штаб-пәтері Астанада орналасқан Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын (ИАҚҰ) ашу мүмкіндіктері туралы сөз қозғап, Е. Ыдырысов ИЫҚ Бас хатшысына 2015 жылға жоспарланған Қазақстанның ИЫҰ министрлерінің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша 7-конференциясын және ИАҚҰ Бас Ассамблеясының 1-ші отырысын Астанада өткізу туралы бастамаларын қолдағаны үшін алғысын білдірді. Ол, сонымен қатар, аталған шараларды сапалы өткізілуін қамтамасыз ету үшін 2015 жылы қаңтарда Джидда қаласында сарапшылар кездесуіне Қазақстанға көмек көрсетуге дайындығы үшін алғысын білдірді.

Е. Ыдырысов ИЫҰ экономикалық институттарының, соның ішінде Ислам даму банкі (ИДБ) қолдауының қазақстандық экономиканы реформалау мен дамытудағы зор ролін атап өтті. Қазақстанның ТМД елдері арасында ИДБ-мен серіктестік бағдарламасын бірінші болып жасағаны еліміздің ИЫҰ-мен ықпалдастықтың жоғары деңгейін көрсетеді. ҚР СІМ Басшысы Ислам қаржы және экономикалық институттарымен, соның ішінде ИДБ, Ислам сауда даму орталығы, Ислам сауда-өнеркәсіп палатасы, Статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер мен тренингтер бойынша ислам елдерінің орталығымен Қазақстан ынтымақтастықты белсендіруге ниетті екенін хабарлады.

«Алматы – 2015 жылғы ислам мәдениетінің астанасы» тақырыбының аясында 2015 жылға жоспарланған ірі іс-шараларды өткізу мәселесіне сұхбат барысында ерекше көңіл бөлінді. Аталған іс-шаралар Қазақстанның ИЫҰ елдерімен гуманитарлық байланыстар мен тығыз ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге зор шабыт береді деп күтілуде.

ИЫҰ және Орталық Азия елдерінің арасында экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты белсендіру мәселелері келіссөздердің негізгі тақырыбына айналды. Осыған орай, қазақстандық делегация қатысқан ү.ж. 27-28 қазанда Душанбе қаласында ИЫҰ-ының ОА елдерімен 10-жылдық іс-шаралар жоспары бойынша 1-ші Инвестициялық форумының сәтті өтуі аталып өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: