2015 жылы Жерде аптап ыстық болады

2015 жылы Жерде аптап ыстық болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2015 жылы Жерде қатты ыстық болмақ. Мұндай қорқынышты болжамды жер шарының тұрғындарына Американың ғарыш стансасының мамандары жасап отыр.

 Ол соңғы жылдардағы температуралық өзгерістерге негізделген.

1880 жылы климатты тұрақты бақылау басталғалы температуралық ауытқушылық жиі тіркелетін болды. Ал жылдық орташа жоғары температуралар бірінен кейін бірі: 1995, 1997, 1998, 2005 және 2010 жылдары арта түскен.

Өткен қыркүйекте орташа температура Цельсий бойынша 15,7 градус болды. Ол соңғы 135 жылдағы кезекті рекорд болып табылады. Ағымдағы жылдың тоғыз айында ауаның орташа температурасы 14,7 градусты құрады, деп хабарлады «Ан-Онлайн» порталы.

NASA мамандары биылғы жылды 1998 жылдан бастап ең ыстығы деп санауға болады дейді. Алайда келесі жылдың жазында ғаламшардың түрлі аймақтарында аптап ыстық байқалады. Олардың кейбірі құрғақшылыққа әкелуі мүмкін.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: