Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде "Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан адамның сауабына тең сауап оған да беріледі" делінген. Ауыз бекіткен кісінің ауызын ашуына себепкер болу үлкен сауап, қайырлы іс.
Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен ораза ұстаған «Халыққа қызмет көрсету орталығының» ұжымына, тәттілер, құрма, «Намаз оқып үйренейік», «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» атты кітап салынған "Ауызашар қоржыны" таратылды.
Ерекше қуаныш сыйлайтын мұндай сәттерге риза болған ұжым қызметкерлері ақ тілектерін айтып, алғыстарын жаудырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі