Әбу-Дабиге ағымдағы жылдың жеті айында 6 мыңға жуық қазақстандық турист барған, деп хабарлайды BNews.kz.
Әбу-Даби Туризм және мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2014 жылдың жеті айында БАӘ астанасына 6 мыңға жуық қазақстандық барған.
Статистика өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштермен бірдей, дегенмен қазақстандықтардың отельдерде өткізген күндерінің саны 11%-ға ұлғайып, 19 149-ға жеткен. Бұндай көрсеткіштер Алматыда Әбу-Даби Туризм және мәдениет басқармасы (TCA Abu Dhabi) ұйымдастырған Қазақстан мен Әбу-Даби туристік индустрия өкілдерінің кездесуінде келтірілді.