Татар мешіттерін қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынбақ

Татар мешіттерін қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынбақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халық Ассамблеясы ел дамуының басты факторы. Ол халықтар бірлігі мен ынтымағын артыру бағытында маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты бүгінгі күні әрбір этномәдени орталық өз тілі мен дәстүрін насихаттауда белсенді жұмыс істеуде.

Солардың бірі Астана қаласы «Дослық» Татар мәдени орталығы болып табылады.

Татарлар түрік тілдес халықтар тобының қалыптасуы мен дамуы әртүрлі тарихи жағдайларда болған. Тарихи деректері көрсеткеніндей, қазақ пен татар халықтары бір-бірімен 400 жылдан бері араласып келеді. Қазақстанда XIX ғасырда тұратын татарлардың саны едәуір өсіп, 79758 адамға жеткен. Оның 327982-сі Қазақстанда тұрады.


Яннат Низамутдинова, Астана қаласы «Дослық» Татар мәдени орталығының төрайымы:

- Астана қаласы «Дослық» Татар мәдени орталығы жастарға білім беруге аса назар аударуда. Солардың бірі ретінде біз жастарды өзіміздің орталықта оқып, Қазан технологиялық зерттеу институтында білім алуға мүмкіндік береміз. Биыл аталмыш жоғарғы оқу орнына Қазақстаннан 30 бала, оның ішінде 10 бала Астана қаласынан Қазанға оқуға грант жеңіп алды. Алдағы 5-6 жылда жоғарғы білім алған балаларымыз тәжірибелі маман болып елімізге оралады деп отырмыз, - деді.


Сонымен қатар Я.Низамутдинова қазақ пен татар халқының тарихи достығын, өзіміздің тарихымызды көрсету үшін кезінде қазақ жерінде болған ескі татар мешіттерін қайта қалпына келтіру туралы жұмыс атқарудамыз деп:
- Біз дос халық ретінде тарихымызды , мәдениетімізді жастарға үйретудеміз. Қазақстан бұл біздің үлкен шаңырағымыз. Біз мұнда бір тұтас халықтай өмір сүріп жатырмыз. Сол үшін Нұрсұлтан Әбішұлына үлкен рахметімді айтамын. Өйткені бізге Қазақстанда өзіміздің туған жерімізде өмір сүріп жатқанымыздай сезінуіміздің барлығы Елбасымыздың арқасы, - деп атап өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: