Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы белгілі өнер қайраткері, дін жанашыры әнші Сәкен Қалымовты қабылдады.
Кездесуде еліміздің аймақтарында рухани, мәдени кештер ұйымдастыру жайлы бастама сөз болды. Әнші Сәкен Қалымов мұндай игі жобаны қолдап, жүзеге асыруға атсалысатынын жеткізді.
«Дін мен дәстүр жылына орай асыл дінімізді өнеріміз бен мәдениетіміз арқылы жеткізудің сәті келді. Осындай игі бастамалардың ортасында жүрген сізге алғысымды жеткіземін»,-деді Ержан қажы Малғажыұлы.