#Меркі ауданы: Жарапазан айтылды

#Меркі ауданы: Жарапазан айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жарапазан – қасиетті Рамазан айының келгенін хабарлайтын, халықты ізгілікке үндейтін жыр. Жарапазан айту – дәстүрімізде бар жақсы үрдістің, жақсы ғұрыптың бірі.

Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен мешітке жиналған жастардың арасында жарапазан жырын насихаттау мақсатында жарапазан айтудан жарыс ұйымдастырылды.

«Әдетте рамазан айында ауыл аралап өлең айтушы (жарапазаншы) үй иелерінен сыйлық дәметеді, талап етеді, алдымен олардың үйін мақтайды, қарымына тарту-сыйлық алады, содан кейін бата береді, сонымен бірге күнәһар жандарды о дүниеде тозақта небір қиыншылық, ауыр жаза күтіп тұрғанын ескертіп, сауапты мол жасау парыз деп діни уағыз-насихат айтады. Яғни, жарапазан айтудың құрылымы былай деуге негіз бар: үйді мақтау, діни насихат айту, сыйлық алу, бата беру», - деп бас имам жарапазан айтудың құрылымын, жарыс шарттарын кеңінен түсіндіріп, жарысты ашып берді. 

Жарыста үздік шыққандарға сыйлық беріліп, құрмет көрсетілді. Сыйлық алған жастарымыздың қуанышында шек жоқ.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: