Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінде ауылдық әйел-қыздар жамағаты арасында «Қош келдің, Рамазан» атты мерекелік кеш болып өтті. Аталған шара арнайы мешіт ұстазы, «Тұрғани» мешітнің «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ибрагимова Зухраның ұйымдастыруымен өткізілген.
Кездесудің басты мақсаты - әйел-қыздар жамағатына сондай-ақ, жас жеткіншектерге қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін ұғындыру. Мақсаты айқын шарада, мешіт ұстазы келген қонақтарға Рамазан айы турасында уағыз-насихат айтып, әйел кісілердің Рамазан айын қалай өткізу керектігін жөнінде пікірталас өткізді. Кездесуге келіп, ұстаздан арнайы насихат тыңдаған әйел-қыздар өз алғыстарын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі