Жамбыл ауданына қарасты Қаракемер ауылында «Қаракемер» мешітінің имамы Төлеуғазы Асхатұлының бастамасымен «Ішімдідіксіз ауыл» бағдарламасы аясында Рамазанда ішімдік сатылмасын бастамасы көтеріліп, ауылдық азық-түлік дүкендерін ауыл имамы мен мешіт ақсақалдары аралаған болатын.
Аты айтып тұрғандай, аталған бастамамен ауыл имамы дүкен иелеріне ішімдікті сатылымға шағармау, мүлде сатпау турасында кеңінен насихат айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі