Жамбыл ауданы Бектөбе ауылында Рамазан айында мешіт жамағаты мен ауыл имамы Ғани Жанұзақұлының бастамасымен құдық қазылды. Пайғамбарымыздың хадисінде: "құдық қазу жария садақа" деп айтылған.
Осы пайғамбарымыздың өсиетін ескере отырып, "Бектөбе" мешітінің жамағаты ауылымыздағы әлеуметтік жағдайы төмен екі отбасыларына жерден су шығарып беруіне себепші болды. Аталған отбасылар, ауыл имамы мен мешіт жамағатына өз ризашылықтарын жеткізді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



10 Тамыз 2026
25 Сафар 1448

