#Жамбыл: Аудандық мешітте ауызашар өткізілуде

#Жамбыл: Аудандық мешітте ауызашар өткізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің асханасында мешіт жамағатына арнап ауызашар дастарханы жайылды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», деген.

Рамазан айының келуімен қатар ауызашар беру де көбейе түседі. Пайғамбарымыздың хадистеріне үңілер болсақ бір жұтым су, сүт немесе құрмамен де ауызашар беруге болатындығын меңзеген. Егер де сіздің жағдайыңыз мол дастархан жасауға келіп жатса онда оған да рұқсат. Яғни Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ең аз мүлшерде ауызашар берсе де сауапқа кенелетінін айтқысы келген еді. Рамазанда ауыз-ашар беріп сауапқа кенелумен қатар, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін де орындаған болып саналады.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: