Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайдыАқорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Президенті 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін Дубай қаласына барды», - делінген ақпаратта.
«Экономикалық өсім жолындағы инновациялық серіктестік» тақырыбына арналған биылғы форум жұмысына бірқатар шетел мемлекеттерінің басшылары және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен іскерлік топтардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысады.