Жексенбі күні Мадина қаласындағы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде дұха намазына оқып жатқан ер адам сәждеге бас қойған күйі бақилық болды. Бұл туралы Сауд Арабиясының бірқатар баспасөз құралдары растап, хабар таратты.
Сауд Арабиясының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Аджил» газетінің хабарлауынша, сәжде үстінде жан тапсырған отандастарына мешіт күзетшілері алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметін шақырмақ болғанымен, ажалға араша тұра алмады.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде намаз үстінде пәни жалғанға қош айтқан саудиялық азаматтың жан тапсырған сәттегі суреті әлеуметтік желілер арасында танымалдыққа ие болып, аз уақыт ішінде миллиондаған жан көріп үлгерген.
muslim.kz