Христиан дінін ұстанған ОҚО тұрғыны имам болып жүр

Христиан дінін ұстанған ОҚО тұрғыны имам болып жүр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шетелде жүріп, христиан дінін ұстанған Болатбек Нұрманов қазір Оңтүстік Қазақстан облысында мешіт имамы болып жүр. Айтуынша, ол христиан дінінен кейін буддизмді қабылдаған.

 Бірақ отанына оралған соң исламды қабылдапты. Енді бір ауылдың ақыл беріп, жол көрсетер ақсақалы атанып отыр. Шымкентте тұратын Болатбек Нұрмановпен кезінде Шаолиннің барлық мектебінде әскери шеберлік сыныптар сабағы жүріп отырған. Соладың біріне қабылданған Болатбек Нұрманов күн сайын спортпен шұғылданып, үш жарым жыл сонда тәрбиеленіпті.


Енді сол әдеті бойынша әр таңын денесін шынықтырумен бастайды.
Болатбек ақсақал "Оқып жүргенде, үш жарым жылда тек бір ай ғана демалыс берілетін. Күндізгі жаттығу сегізде, азанда - үште, кешкісі - бесте басталады. Денешынықтыру адамның шынайы келбетін көрсетеді. Десе де өзіндік қиындықтары бар. Сегіз айда бір рет дұрыс соққы жасауды үйрендім", - деп тәртіптің тым қатал болғанын еске алады имам.


Монастырьде спорт шебері қызметін атқарған Болатбек Нұрманов бірнеше рет шаршы алаңға да шыққанын жасырмады. Тіпті соңы бір спортшының өліміне әкеп соғыпты. 


Тоқсаныншы жылдары Нұрмановты дөкейлер оққағарлыққа шақырыпты. Атышулы қылмыстық топтың мүшелері өздерін жекпе-жекке дайындауға да ұсыныс жасапты.


Алайда, ол адам баласына зиян келтірмеймін деген серт ұстанып, біржола дінге бет бұрған екен. 


Қазір бес уақыт маңдайын сәждеге тигізіп, намазға жығылған ақсақал ауылдың көпті көрген сыйлы азаматына айналған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: