Бас мүфти «алтын жүректі» жанның сыйлығын табыстады

Бас мүфти «алтын жүректі» жанның сыйлығын табыстады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында «Алтын жүрек» сыйлығының иегерін марапаттады.

Ақтөбелік Талғат Маратұлы бірнеше жылдан бері өз қаржысы есебінен ауылға жол салып, білім мекемелерінің құрылысына көмектескен. «Жылдың қайырымды жаны» номинациясын иеленген Талғат Маратұлының сыйлығын Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өз қолымен табыстап: «Осындай қайырымдылық жобаны жыл сайын жүзеге асырып келе жатқан жандарға өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан алғысымды білдіремін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ең жақсы адам - ​​қоғамға пайдасы тиген адам», - деген. Қоғамда қайырымды жандар көбейсе, ізгілік пен игіліктердің есігі ашылады », - деді.

«Алтын жүрек» жобасының ұйымдастыру комитеті жыл сайын қоғамда түрлі салалар бойынша қайырымдылық шараларына мұрындық болған жанашыр жандарды марапаттап келеді. 8 жылдық тарихы бар «Алтын жүрек» жобасы ұлттық жобаға айналып та үлгерді.

ҚМДБ Баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: