Танымал кәсіпкер Бас мүфтиге өмірлік ұстанымын айтты (ФОТО)

Танымал кәсіпкер Бас мүфтиге өмірлік ұстанымын айтты (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматы қаласында «Turkuaz Construction» компаниясының директоры, белгілі кәсіпкер, дін жанашыры Зеки Пилге мырзаны қабылдады.

Ресми қабылдауда Бас мүфти Діни басқарманың қайырымдылық шаралары жайлы жан-жақты баяндады. «Әрбір азамат Алланың берген нығметінен, кәсібінен түскен табыстан қайырымдылық  көмекке бөлуі шарт. Менің өмірлік ұстанымым осындай. Сонда жұмыс та, кәсіп те берекелі болады», – деді кездесуде Зеки Пилге.

Ержан қажы Малғажыұлы Ислам – қайырымдылық діні екенін айта келе: «Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызмет барысында қайырымдылық шараларына басымдық беруде. Жыл сайын қарттар үйінен бір кісіні кіші қажылыққа жіберіп отырмыз. Ислам дінін тек құлшылықпен ғана шектеу дұрыс емес. Егер біз дініміздің адамзат үшін жалпы құндылықтарын көбірек насихаттасақ, сонда ғана қоғам ізгілікке, имандылыққа ден қоя бастайды», – деді.

Басқосуда Зеки Пилге мырза Діни басқарманың діни-ағартушылық, кітап шығару, қайырымдылық іс-шараларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: