Иудейлер мектепке мұсылманның есімін берді

Иудейлер мектепке мұсылманның есімін берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Берлин қаласындағы жергілікті иудейлер бастамасымен бастауыш мектептердің біріне Холокоста қырғыны кезінде ерлік көрсеткен мұсылман жігітінің аты берілді.

Албаниялық мұсылман фотографы Рефик Весели ол кезде 17 жаста болған екен. Ол Моше Мандил әулетін Албания таулары арқылы алып өтіп, қашқындарды өз үйлерінде 1944-жылға дейін паналатқан.

Веселидің жанұясы көрсеткен қамқорлық турасында Мандил әулетінің бүгінгі ұрпақтары былай дейді:  «Олардың Гете мен Шиллерді танымауы әбден мүмкін. Бірақ олар адам ғұмырын өте жоғары бағалады».

Бұл туралы Мошенің ұлы Гавра Холокоста зерттеу орталығына жазған хатында атап өтеді. Осылайша, 17 жасар Веселидің өз басын қауіп-қатерге тігіп, иудей отбасын аман сақтап қалған ерлігі алдымен Израиль жұртшылығына, кейінірек Германияға белгілі болады.

Мандил әулеті жақында Берлиндегі бастауыш мектептердің біріне оқытушылар мен оқушылардың дауыс беруі арқылы Рефик Веселидің есімі берілгені жайлы қуана хабарлады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: