Нуази-ле-Гран елдімекеннің қалалық кеңесіне «Ұлттық фронт» партиясы атынан сайланған Максенс Баттей әріптестеріне асыл дінімізге өтіп, мұсылмандықты қабылдағаны жайлы хабарлады. Бейнебаян арқылы Ислам дінінің жалпы адамзатқа жіберілген тура жол екендігін, оның айдай анық ақиқаттығы мен әділеттілігі жайлы сөз қозғаған 22 жасар жігіт партиялас достарын мұсылман атануға үндеген.
Жас саясаткер Ислам діні 11-қыркүйекте орын алған опаттан соң зерттей келе, аталмыш оқиға жайлы АҚШ-ның ресми мәлімдемесінен кереғар көп нәрсені аңғарады.Осылайша, ол Исламның шынымен зорлық-зомбылыққа, жәбір көрсетуге шақыратын дін екенін анықтауға бекініп, өздігінше іздене бастайды. Нәтижесінде – Алла Тағала Максенс Баттейдің тура жолға түсіп, мұсылман атануын нәсіп етті.
Марин Ле Пен басшылық ететін партия басшылығы Баттейдің бұл әрекетіне қалай қабылдарын білмей дал болуда. Айта кетейік, «Ұлттық фронт» партиясы көптеген жылдар бойы ашық түрде Исламға қарсылық білдіріп келе жатқан болатын.
«Мен католик болатынмын. Інжілді оқығанымда, көптеген қарама-қайшылықтарға кез болатынмын. Ал, қасиетті Құран Кәрімді оқи бастағанымда, мен оның адамзатқа жіберілген соңғы дін екеніне көзім жетті», – дейді ол.
muslim.kz