Дубай билігі жол жүру билетін сатып алғандарға 4 келі алтынды сыйға тартпақ

Дубай билігі жол жүру билетін сатып алғандарға 4 келі алтынды сыйға тартпақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жеке көлігінен бас тартып, қоғамдық көлікке отырған Дубай тұрғындары үшін алтын құйма ұтып алудың сәті түсіп отыр, деп хабарлайды Gulf News сайты.

Көлік саласының басшылары 1 қараша, Қоғамдық көлік күнін тойлау аясында 4 келі таза алтынды сыйға тартуға дайын. Шенеуніктер осылайша халықты жеке көлікті пайдаланудан бас тартуға шақырғысы келетінін айтады. 

Алтын құйма мен өзге де сыйлықтар бір апта бойы лотереяда ойнатылмақ. Бағалы сыйлықтардың құны 1 млн дирхамды (272 мың доллар) құрап отыр.

Айта кетерлігі, ұтыс ойындарға жолақы билеті барлар ғана қатыса алады. 

Дубай – автокөлік көп жүретін қалалардың бірі: әрбір отбасыда орташа 2,3 көліктен бар. Ал қоғамдық көлікті азаматтардың 13%-ы ғана пайдаланады екен.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: