«Түркі әлемі: тұлғалар тағылымы» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді

«Түркі әлемі: тұлғалар тағылымы» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

27-28 қазан күндері Халықаралық Түркі академиясының (ITA) ұйымдастыруымен Бейбітшілік және келісім сарайында «Түркі әлемі: тұлғалар тағылымы» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.

 Халықаралық Түркі академиясы түркі әлеміне ортақ тұлғаларды ұлықтауға ұдайы көңіл бөліп келеді. Бұған дейін қырғыздың белгілі жыршысы әрі ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың 150 жылдық мерейтойына және түрікмен халқының тегеуірінді ақыны Махтымқұлы Пырағының туғанына 290 жыл толуына орай конференциялар өткізгені мәлім. 
Бұл жолы ұйымдастырылғалы отырған шара түркі әлемінің бірлігі жолында қызмет еткен қайраткерлер — Исмаил Гаспралы, Алибек Хусейнзаде, Мамед Эмин Расулзаде, Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановқа арналып отыр. 
«Тілде, пікірде, істе бірлік» идеясын өмірлік ұстаным еткен, түгел түркіге тараған «Тәржіман» газетін шығарған қайраткер, алаш ардақтылары ұстаз тұтқан қырымдық Исмаил Гаспыралы дүниеден озғанына биыл 100 жыл болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы (ЮНЕСКО) 2014 жылды аталған қоғам қайраткері, әйгілі ағартушыны еске алу жылы деп жариялады.
Биыл сондай-ақ бауырлас әзербайжан халқының көшбасшылары-Алибек Хусейнзаденің туғанына 150 жыл, Мамед Эмин Расулзаденің туғанына 130 жыл толды. 
Қазақ халқынның біртуар ұлдары — Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың 120 жылдық мерейтойылары да аталған даталармен тұспа-тұс келіп отыр. 
Сондықтан алқалы жиынға Қазақстанмен қатар, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Ресей, АҚШ, Моңғолия, Жапония және т.б. елдердің ғалымдары, қоғам қайраткерлері мен зиялылары қатысып, түркі әлеміне ортақ тұлғалар туралы баяндамалар жасайды. 
Конференцияның мақсаты - исі түркіге ортақ, ағарту саласында өшпес із қалдырған, азаттық үшін күрескен, түркі халықтарының бірлігін бекемдеу жолына өмірлерін арнаған тау тұлғалардың есімдерін бауырлас халықтар мен жас буынға насихаттау.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: