БАС МҮФТИ «ШАРАПАТТЫ РАМАЗАН» ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

БАС МҮФТИ «ШАРАПАТТЫ РАМАЗАН» ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Шарапатты Рамазан» шарасы өтті. Аталған қайырымдылық акциясына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, қор қызметкерлері мен еріктілер қатысты.

Қасиетті айдың қарсаңында қолға алынған ізгі істің маңыздылығына тоқталған Бас мүфти мұндай шаралар әлі де жалғасады деді.

«Кім Алланың дініне көмектессе, Алла оған көмектеседі. Әлбетте Алланың дініне көмектесу – өзгелерге хақты жеткізу, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю. Хадистерде «Кім бұл дүниеде мұсылманның қайғысын сейілтсе, Алла Тағала қияметте оның қайғысын сейілтеді. Ал кім де кім қиындыққа тап болғанның жағдайын жеңілдетсе, Алла оның ісін осы дүниеде және арғы дүниеде жеңілдетеді» делінген. Міне жомарт жандар Рамазан айының құрметі үшін мұқтаж отбасыларға, зағип азаматтарға осындай қамқорлық танытып жатыр. Осы іске қолдау көрсеткен баршаңызға Алла разы болсын» деді ҚМДБ Төрағасы қайырымдылық шарасының ашылуында.

Айта кетейік, Зекет қорының бастамасы аясында бүгін 100 отбасыға Рамазан сыйы таратылды. Мұнда қорапта ең қажетті азық-түлік салынған. Еріктілер мен қор қызметкерлері мұқтаж жандарға өздері жеткізіп берді.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: