IV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДРЕСЕАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

IV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДРЕСЕАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақтөбе қаласында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімі мен «Ақтөбе» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен IV республикалық медресеаралық олимпиада мәресіне жетті.

Араб тілі және фиқһ пәндерінен өткен олимпиадаға еліміздегі 9 медресе-колледждің шәкірттері қатысып, өзара жүзден жүйрікті анықтады.

Екі күнге созылған білім додасында қатысушалардың білімін ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев пен бөлім маманы Жаңабай Қожин, Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Еркебұлан Нүсіпбаев бағалады.

Қазылар алқасының төрағасы Серікбол Аршабаев: «Білім ошағынан табылу – бақытты ортадан, Алланың жарылқауына іліккен топтан табылу» деп олимпиаданың маңызы – студенттердің білімін шыңдау екенін атап өтті. Сондай-ақ биылғы олимпиаданың ерекшелігі – 2 кезеңнің де араб тілінде өтуі. Бірінші кезеңде қатысушылар араб тілінен тест тапсырса, екінші кезеңде араб тілінде берілген тақырып аясында әңгімелесіп, жазбааша эссе тапсырды. Одан өзге берілген діни мәтінді оқып, оны түсіндіріп берді.

Білім додасының жеңімпаздарын марапаттау сәтінде ұйымдастырушылар тарапынан олимпиаданың өтуіне атсалысқан Ақтөбе медресе колледжнің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлына алғыс айтылды.

 

АРАБ ТІЛІ ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ 

I орын – Рахметуллин Темірлан \ «Сарыағаш» медресе-колледжі (2 курс)

І орын – Тасболат Қасиет \ «Шымкент» медресе-колледжі (3 курс) 

ІІ орын – Ержанбек Мадияр \ «Һибатула Тарази» медресе-колледжі (2 курс) 

ІІ орын – Мыңбаев Жалғас \ «Ақтөбе» медресе-колледжі (3 курс) 

ІІІ орын – Сатылған Бекжан \ «Үшқоңыр» медресе-колледжі (2 курс) 

ІІІ орын – Ертуғанов Сүйеніш \ «Үшқоңыр» медресе-колледжі (3 курс)  

 

ФИҚҺ ПӘНІНЕН ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ 

І орын – Махмуд Диас \ «Үшқоңыр» медресе-колледжі (2 курс)

І орын – Марданов Ерлан \ «Ақтөбе» медресе-колледжі (3 курс) 

ІІ орын – Құрманалиев Асқар \ «Ақтөбе» медресе-колледжі (2 курс) 

ІІ орын – Әбдіхалық Санат \ «Сарыағаш» медресе-колледжі (3 курс) 

ІІ орын – Толтай Айдос \ «Астана» медресе-колледжі (3 курс )

ІІІ орын – Өтеген Назарбай \ «Астана» медресе-колледжі (2 курс ) 

ІІІ орын – Жеңісұлы Кенжебек \ «Әбу Ханифа» медресе-колледжі (3 курс) 

ІІІ орын – Садыков Ақжол \ «Үшқоңыр» медресе-колледжі (3 курс)   

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: