Сауд Арабиясы 34 елде ифтар бағдарламасын бастайды, деп хабарлады Сауд Арабиясының баспасөз агенттігі.
Бағдарлама 2 сәуірден бастап Рамазан айында мұсылмандарға ауызашар беруді көздейді. Оны шамамен 1,2 миллион адам пайдаланады деп күтілуде.
Ислам істері, үндеу және нұсқау министрлігі Сауд Арабиясының елшіліктерімен және министрліктің ислам орталықтарымен келісе отырып, бағдарламаның қажеттіліктер мен сұраныстарға байланысты барлық континенттерді қамтуы үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.
Ислам істері министрі шейх Абдуллатиф әл-Ашейх қасиетті айда Ислам мен мұсылмандарға қызмет ететін қайырымдылық жобаларын құруға басшылықтың қолдау көрсететінін атап өтті.
Өткен жылы COVID-19 профилактикалық шаралары мен санитарлық хаттамалардың арқасында Корольдік өзінің ифтар бағдарламасы арқылы тек 16 елге көмектесе алды.
asyldin.kz