Құран – уақыт көші жылжыған сайын жасара, жаңара түсетін, қартаймайтын қасиетке ие жалғыз Кітап. Алла Тағала күллі адамзатты: «Ей, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат, жүректеріңдегі дерттеріңе дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау ретінде Құран келді» - дейді.
Міне, осындай Алла тағаланың адамзатқа айтқан әмірі - ұлы Құран кәрімді оқу үлкен ғанибет, сауаптар толы кеме. Рамазан айына құран хатым жасай алу үшін мешіт шәкірттері Құран оқуға әрекет жасап, үлкен жетістікке жетті. "Кеңесхан қажы" мешітінің шәкірттері Құранға түсті.
Дәстүр етіп алғандай, Құранға алдын түскен шәкірттер, арттарынан ілесіп құранға түскен шәкірттерге сыйлық жасап, қошаметпен қарсы алды. Шәкірттер Құранға түсуге ұйытқы болған ұстаздарға алғысын жеткізді.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі