#Жуалы: Ауыл имамдарымен жиналыс жасалды

#Жуалы: Ауыл имамдарымен жиналыс жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы  аудан бас имамы Асхат Аманжолұлының қатысуымен  «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде ауыл имамдарымен жиналыс өтті. Жиын барысында бас имам Асхат Аманжолұлы  ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен «Жеті рухани қазық», «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат ету мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттарын насихаттады.

Сонымен қатар «Пәтуалар жинағы» кітабын таныстырып өтті.  Пәтуа және оның мән маңызына тоқталып,  Ихсан ілімі кітабымен ұштастырып  уағыз насихатты күшейтуді имамдарға тапсырды.

  Жиналысқа қатысқан  имамдарға келіп жеткен Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, өкілдік тарапынан келген тапсырмаларды уақытында орындауды және бір кісідей жұмыла атқару керектігін атап өтті.

Жуалы  аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: