Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының арнайы шақыртуымен Мысырдағы "әл-Әзһар" университетінің түлегі, Республикалық ақпарат-насихат тобының мүшесі, Жамбыл облысының найб имамы Нұралы Бақытұлы арнайы келіп, «Жүніс молда» мешітінің жамағатына «Ынтымақ, бірлік» және де «Исламдағы жастар» тақырыбында кеңінен уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Аталған тақырыптағы уағызды тыңдау үшін алыс-жақын жердегі жамағаттар да қатысты. Уағыз айтқан ұстазға жиналған жамағат өз ризашылығын білдірді.
Уағыз соңында жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі