Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Наурыз - бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені баршамызға аян.
Алатау ауылы таулы аймақ «Көксай» мен «Ақсай» маңына және көршілес Қырғыз шекарасына жақын орналасқан елді мекен.
«Алатау» мешітінде дәстүрлі мерекеміз наурыз мейрамы аталып өтілді. Мешіт ауласында мерекенің ашылуы және аудан имамы Асхат Аманжолұлы наиб имам Алмас Исламбекұлының құттықтауы мен ақсақалдардың бата тілегімен басталды.
Сонымен қатар, осы іс-шарада ауыл имамы Асхат Аманжолұлы дастархан басында сөз сөйлеп, наурыздың шығу тарихы мен ағайын-туыс қатынас, намаз турасында баяндап берді.Ауылдағы мешітті, халықтың тыныс-тіршілігімен танысты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.