Лондонда Британ-Қазақ қоғамының екінші қайырымдылық марафоны өтті

Лондонда Британ-Қазақ қоғамының екінші қайырымдылық марафоны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Лондон қаласының орталығындағы Гайд Паркте Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі қызметкерлерінің белсенді қатысуымен Британ-Қазақ қоғамының Екінші қайырымдылық марафоны өткізілді деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

Ұзындығы 10 км құраған жарыс көшбасшысы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев болса, марафонға қатысушылар қатарында Британ-Қазақ Қоғамының мүшелері саналатын қазақстандық компаниялар Air Astana, A-Global Resources, Grata, Equus Petroleum, Bolashak Group өкілдері, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы шеңберінде британдық жоғары оқу орындарында дәріс алып жатқан қазақстандық студенттер болды.

Марафоннан жиналған қаржы «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Дәрігер – Бөлме» жобасына жолданатын болады. Аталмыш жоба шеңберінде Алматы және Ақмола облыстарының балалар үйлерінде (Тылдықорған, Щучинск қалалары) сенсорлық бөлмелер ашу жоспарланған.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: