Палестина басшысы Махмуд Аббастың 19 қазан күні израилдіктердің Әл-Ақса мешітін қорлауына қатысты оларға қарсы «заң аясында» күш қолдану керектігі жайлы мәлімдегенінен кейін, ондаған еврейлік қоныстанушылар мешіт мағындағы мұсылмандарға шабуыл жасап, 5 жасар палестиналық қызды өлтірді.
«Бірнеше адамнан құралған еврейлік бір топ студенттер израилдік әскерлермен бірігіп, аулада алаңсыз жүрген палестиналық студенттерге шабуыл жасады», - дейді, осы оқиғаға куә болған күзетші, өз есімін жасырып.
«5 жасар палестиналық Енас Халил еврейлік бір қоныстанушының көлікпен соққан соққысынан ауыр жарақат алып көз жұмды», -дейді жедел көмек беру бөлімінің бастығы Самир Салиба.