Нигерия биылғы жылы ұлы қажылық сапарын атқарып келген барлық мұсылмандарды тексеріп жатыр.
Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі осы жылы қажылық парызын өтеп, елдеріне оралғалы жатқан нигериялықтардың арасынан Эбола вирусы мен басқа да аурулардың тіркелмегенін растап отыр. Дегенмен, қажылықтан оралғандардың арасынан қандай да бір қауіпті аурудың жоқ екендігіне тағы бір көз жеткізу мақсатында Нигерияның денсаулық тексеру пунктерінде оларды тағы да медициналық тексеруден өткізіп жатыр.
«Біз, бұл медициналық тексеруді елге оралған барлық қажылардың Эбола індеті және басқа да қауіпті ауруларды жұқтырмағанына көз жеткізу мақсатында жүргізіп отырмыз»,- дейді, Нигерия Ұлттық қажылық комиссиясының басшысы Ибрагим А. Кана.