Мойынқұм ауданының имамы Еспенбетов Рысбай Асылбекұлы аудан өрт сөндіру орталығының ұжымымен кездесті. Жүздесуде дін суицидке қарсы әрі адамзат одан алыс болуы керек екендігін насихаттады.
"Суицидтің орны ислам дінінде харам, өз-өзіне қол жұмсау бұл зұлымдық болып табылады. Өмір - сынақ, сынақ бар жерде сыналу бар, әрбір қиындықтың артында жақсылық бар, сабыр ету арқылы Алла берген аманат дене мүшемізге қиянат жасамауымыз қажет" -деп түсіндірді имам.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі


14 Қаңтар 2026
25 Раджаб 1447

