#Талас: Ұлттық ойындар - ұлтымыздың құнды мұрасы

#Талас: Ұлттық ойындар - ұлтымыздың құнды мұрасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге жеткен байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор әрі ислам діні өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады.

Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деген (Имам Мүслім). Демек, спорт – ағзаларымыздың ақысы. Ол денемізді шынықтыру арқылы өтелмек.

Осы орайда, Талас ауданында мейрам қарасаңында ұйымдастырылған ұлттық ойындарға имамдар да қатысты. Атап айтқанда, Тамды ауылы" Тәңкібай ата" мешітінің имамы Нұрбол Мырзаханұлының бастамасымен "Асық" ойыны ұйымдастырылды.

Аудан әкімшілігінің қолдауымен Саду Шакиров ауылында "Көкпардан" ойын өтіп, аудан біріншілігінен көкпар ойынына "Тәңкібай ата" мешітінің имамы Нұрбол Мырзаханұлы, "Қаратау Қажы би" мешітінің наибы Сейдуалиев Жасұлан қатысты. Ал, Бостандық ауылында Наурыз мейрамына орай уйымдастырылған көкпар ойынына, "Тәңкібай ата" мешітінің имамы Нұрбол Мырзаханұлы қатысып жеңісті орындардан көрінді.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: