#Жуалы: Мұқтаж отбасыларға ет таратылды

#Жуалы: Мұқтаж отбасыларға ет таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жуалы ауданы, Қарабастау ауылында ірі қара құрбандыққа шалынып, мұқтаж отбасыларға таратты. Игі шараға мұрындық болған амал "Билікөл" мешітінің имамы Бахтыбеков Қуаныш 3-кәсіпкерлермен бірігіп ауыл тұрғындарымен тасаттық жасап, Алладан жаңбыр сұрап, ірі қара малды құрбандық шалған болатын.

Аталмыш ірі қара мал мұқтаж 36 отбасыға үлестіріліп, жалпы 280 келі ет таратылды. Өз кезегінде ірі қара етінен алған отбасылар, ауыл тұрғындарына ризашылығын білдіріп, рақметін айтты.

Жамағатпен истисқа намазын оқып, дұға жасалды және 200 адамға арнап дастархан жайды, ал мешіт жамағаты қызметтерін көрсетті.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: