#Талас: Имам әдебі жайлы семинар жасалды

#Талас: Имам әдебі жайлы семинар жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әбдірашит ата" мешітінің ұстазы және Талас аудандық ішкі саясат бөлімінің теологы Жанұзақ Әнбекеов ауыл имамдарына жат ағымдармен күресу һәм уағыз-насихат айтудың тәсілдері жайлы семинар өткізді.

Имамдардың халықтың алдына шығып, уағыз-насихатын жүргізуі, әрбір жүріс-тұрысы, сөз сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстауы жайлы түсіндіріп, имамның тыңдармандарын өзіне қарата білуі үлкен дайындықты қажет ететіндігін атап көрсетті.

Семинар барысында қазіргі таңдағы дін мәселелеріне орай актуалды тақырыптар талқыланып, имамдардың халық алдында өзін-өзі ұстауы, дұрыс сөйлеуі, ойдың шашыраңқы болмауы, сөздің анық шығуы, уағызды дұрыс жеткізе алуы секілді біршама мәселелер қозғалып, қажеттілігі айқындалды. Игілігі мол іс-шарадан имамдарымыз білімін шыңдап қайтты.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: