#Жамбыл: Ұлыстың ұлы күнінде аудан имамы бөбектерге қуаныш сыйлады

#Жамбыл: Ұлыстың ұлы күнінде аудан имамы бөбектерге қуаныш сыйлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданында ауылдық бөбекжайлардың бірінде  орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы арнайы барып, ұлыстық ұлы күні болған Әз-Наурыз мерекелік кешіне қатысып, бөбектерге қуаныш сыйлады.

Аудан имамы  балаларға ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналатындығын айтты. Сонымен бірге, халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылатындығын баян етті. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалып,  осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып арылады.

Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды. Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын.

Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: