#Талас: Ауыл имамдарымен жиналыс жасалды

#Талас: Ауыл имамдарымен жиналыс жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас аудан бас имамы Жалғасбай Дуйсенбайұлының қатысуымен "Қаратау Қажы би" мешітінде ауыл имамдарымен жиналыс өтті. Жиын барысында бас имам Жалғасбай Дүйсенбайұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен «Жеті рухани қазық», «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат ету мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттарын насихаттады.

Сонымен қатар «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының мұсылманның бойындағы адами қасиет пен әдептілік, сыйластық сияқты ізгі сипаттарды қалыптастыру және ұлағатты ұрпақты тәрбиелеу жөнінде ғибратты насихат айтылды.

Жиналысқа қатысқан Талас аудан әкімшілігі, ішкі саясат бөлімінің теологы Әнебеков Жанұзақ имамдарға ас берудегі ысырапшылдықты тыю, ас беру, жерлеу рәсімлерін бірізділікке келтіру мен зиарат жасау мәселелері, зияткер имамның заман талабына сай жан-жақты болу керек екендігін айтты.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: