#Жамбыл: Наурыз тойына арналған спорттық кездесу өтті

#Жамбыл: Наурыз тойына арналған спорттық кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Түрксіб ауылында ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне орай, облыс көлемінде мешіт жамағаттары арасында кіші волейболдан турнир өтті.

Спорттық кездесуге барлығы 18 команда қатысты. Жан-жақтан жиналған командалар арасынан Түрксіб мешітінің жамағаты да жүлделі орындарға ие болды. Қазақтың төл терекесіне арналған спорттық  шара өткеннен кейін, мешіт жамағатымен бірге, мешіт қызметкерлері Алланың үйінің ауласына жас шырша және бірнеше жаңғақ талы мен алма ағышының көшеттерін отырғызуға ұласты.  Әз- Наурызға арнап арнайы ұйымдастырылып отырған спорттық кездесуде, демеушілердің тарапынан  жүлдеді орындарға қомақты қаржылай сыйлықтар табыс етілді.                                   

Мейрамда  ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, дастарханнан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау тіккен. Алтыбақан басында ән айтып күй тартады. Дәстүрлі ұлттық ойындар: көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, тағы басқа ойындар ойналады. 

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: