Иран ғалымдары Н.Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады

Иран ғалымдары Н.Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иран Ислам Республикасының ең үздік, алдыңғы қатарлы телеарналарының бірі «Джаме Джам - 1» мемлекеттік телеарнасынан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің күніне және оның көшбасшысы – ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналғандеректі фильм көрсетілді.


Аталған атақты спутниктік арна Қазақстанның тарихы және оның қазіргі замандағы дамуы, бай мәдениеті, қазақ халқының салт-дәстүрлері, республикамызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен дамуы туралы 55 минуттік мазмұнды деректі фильмді көрермендерге ұсынды.


Ирандық көрермендер Қазақстанның жаңа елордасы – Астана және еліміздің қаржы және іскер орталығы – Алматы қалалары жайлы көркем кадрларды қызықтады. Бұл әсем фильмде Қазақстанда өмір сүріп жатқан 130 ұлттың тату тәтті және бейбітшілік аясында өмір сүріп жатқаны Ұлт басшысы - Н.Ә. Назарбаевтың қарапайым жұмыскер-металлургтан Қазақстанның Бірінші Президентіне дейінгі өмір жолы толық көрсетілген.


Хабарға шақырылған Қазақстан және Орталық Азия бойынша ирандық мамандар М.Мумени және М.Реза Хабаз ғылым докторлары, Иранның кең аудиториясына тәуелсіздік алғаннан бері біздің республикамыздың қол жеткізген табыстары мен жетістіктері, тәуелсіз мемлекет құрудағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен реформаларды жүргізу, республикамыздағы этникааралық және дінаралық диалогты нығайту және Қазақстан Республикасындағы тұрақтылық пен бейбітшіліктің сақталуы қазақстандық басшының арқасы екенін кеңінен әңгімелеп берді.


Бағдарлама қатысушылары қазақ және иран халқының тарихи және мәдени ортақтықтарын назарға сала отырып, қазақстан-иран арасындағы қаржы-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың даму серпінін атап өтті. Осыған орай, мамандар Қазақстан, Түркіменстан және Иран мемлекеттерін байланыстыратын теміржолының салынуының аймақтағы сауда мен екіжақты сауда айналымын ұлғайтудағы және көптеген шектеуліктерді шешудегі маңыздылығын айтты.
Шетелдік инвесторлар мен бизнесмендер үшін Қазақстанда қолайлы ахуал және оның дамуына барлық мүмкіндіктердің жасалғаны туралы мәлімет Иран бизнесмендерінің қызығушылығын тудырды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: