ШҚО-да облыстық дінтанушылардың І-форумы өтті

ШҚО-да облыстық дінтанушылардың І-форумы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өздеріңізге белгілі, біздің елімізде Елбасының бастауымен Бірінші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресі 1992 жылы өткізілді. Содан бері түрлі конфессия өкілдері мен дінтанушы-ғалымдар дін саласындағы әртүрлі мәселелерді жан-жақты талқылау мақсатында және дінаралық диалог пен келісім жөнінде келелі әңгімелер қозғау үшін бір үстел басына жиналуы бүгінде дәстүрге айналды деп атап өтті форумның ашылуына келген ҚР Дін істері комитеті Төрағасының орынбасары Бақытжан Кенесұлы.

 Айта кетейік 17 қазан күні Облыстық дінтанушылардың І-форумы Шығыс Қазақтан өңірінде аймақтар арасында алғаш рет өткен болатын. Бүгінгі күні еліміздің ең ірі өндірістік орталықтарының біріне айналған, аумағында 18 конфессиядан тұратын жүзден астам этнос өкілдері тату-тәтті тіршілік кешіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегей үлгісімен ерекшеленетін дәл осы өңірде облыстық дінтанушылар форумының ел өңірлері арасында алғаш рет өтуі өте маңызды. Шығыс Қазақстан аумағындағы алқалы жиынымыздың Рухани келісім күні өтуі бұл іс-шараға үлкен мағына беретіні анық. Осы кездесулер көпэтникалық және көпконфессиялы Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға өзінің оң септігін тигізетіні сөзсіз деді Бақытжан Кеңесұлы. 


Шығыс Қазақстан облысы өзінің алғашқы форумы аясында дін істеріне қатысты жетістіктерімен бөлісті. Дін істері басқармасының соңғы есебі бойынша өңірдегі діни ахуалдың жағдайы мен динамикасы тұрақты деп сипаттауға болады. Аймақтың конфессионалдық әралуандығы айтарлықтай бай. Облыс аумағында 196 мешіт, 41 православие приходтары, 6 католик ғибадат үйлері, 1 иудей синагогасы және тағы басқа да конфессияларға тиесілі діни ғимараттар қызмет атқарады. Облыс орталығының өзінде түрлі конфессиялардың 30-ға жуық діни бірлестіктері бар. Аймақ дін саласындағы үдерістерді реттеудегі инновациялық жұмыс істеу жолдарымен де ерекшеленеді. Аймақтың бұл саладағы бірқатар бастамалары, соның ішінде ұлттық және дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Рухани караван» (Духовный караван) деп аталатын жобасы өте маңызды. Жалпы, жергілікті атқарушы органдардың дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруының пәрменділігін өңірлерде өткізіліп отырған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрғысынан бағамдар болсақ, бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы мен қала, аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен жүргізіліп отырған жұмыстарға жақсы баға беруге болады деп атап өтті ШҚО дін саласының қызметкерлері. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 9-айында облыс аумағында қызмет атқарып отырған АНТ күштерімен 2300-ден астам әртүрлі форматтағы шаралар өткізіліп (кездесулер, семинар, дөңгелек үстел және т.б.) ол іс-шаралар 190 мыңнан аса адамдарды қамтыған. Бұл өте үлкен көрсеткіш екенін мынадай фактімен көрсете кеткім келеді: биылғы 9 айдың ішінде барлық өңірлерде АНТ күштерімен 15 000-нан астам іс-шаралар өткізіліп, онымен 1 млн. 300 мыңға жуық ел тұрғындары қамтылған. Осыған орай, облыстағы жетекші жоғары оқу орындарының бірінен «Дінтану» мамандығын даярлайтын бөлім ашу дұрыс болар еді. Өңірдегі діни қызметшілердің жетіспеушілігін ескере отырып, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына сәйкесінше ұсыныс енгізген дұрыс болар еді. Облыстың ғылыми және сарапшылар қауымдастығы әлемде және елімізде болып жатқан жаңа қауіптер мен трендерге мұқият бақылау жүргізуі өте маңызды. Осы ретте сіздердің назарларыңызды біздің қоғамымыз үшін өзекті мәселе болып отырған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларының пәрменділігін арттыруға аударғым келеді деді ҚР Дін істері комитеті Төрағасының орынбасары Бақытжан Қөлекеев.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: