Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Төрағасы Ғалым Шойкиннің қатысуымен «Қазіргі қазақстандық қоғамның руханилығын қалыптастырудағы діннің рөлі» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
«Қазақстандағы межконфессиялық қатынастар басқа елдер үшін үлгі бола алады. Жалпы, дін – қоғам мен мемлекеттің дамуындағы қажетті, әрі позитивті факторлардың бірі болып отыр», - деді баяндама барысында Ғалым Шойкин.
Конференция барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Е.Маямеров, Петропавл және Булаев епископы Владимир, «Святая Троица» рим-католик шіркеуінің шырақшысы Дариуш Пашинский, Облыстық ардагерлер Кеңесінің мүшесі Г.Кухарь, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің проректоры Л.Қайыржанова, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институтының профессоры С.Сүлейменова баяндама жасады. Конференция шеңберінде дін саласындағы көптеген мәселелер талқыланды. Конференция өз мәресіне жеткеннен кейін Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин облыстық «Қызылжар» орталық мешітіне барды. Сол күні Ғалым Шойкин «Қазақстан» облыстық телеарнаның «Диалог» бағдарламасының түсіріліміне қатысты.