Түркі елдеріне ортақ телеарна ашу мәселесі талқыланады

Түркі елдеріне ортақ телеарна ашу мәселесі талқыланады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

20 қазанда Ыстамбұлда түркітілдес елдердің ортақ телеарнасын құру мәселесі талқыланады. Бұл туралы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасанов мәлімдеді.

"Ортақ телеарнаның құрылуына байланысты 20 қазанда Ыстамбұлда кеңеске мүше елдердің сарапшылық тобының отырысы өтеді", - деп атап өтті Гасанов.

Оның айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген бұл бастама осы жылы өткен ТМЫК-қа мүше елдері мемлекет басшыларының Бодрум саммитінің қорытынды құжаттарында да айтылған.

"Біз қазір түркітілдес елдердің орталық телеарнасын құру бойынша белсенді жұмыс істеудеміз және бұл мәселені 20 қазан күні сарапшылар деңгейінде талқылаймыз", - дейді Гасанов.

Егер барлығы жоспар бойынша іске асса, келесі жылдың соңына дейін түркітілдес елдердің ортақ телеарнасын құру туралы мемлекетаралық Шартқа қол қойылуы мүмкін.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: