#Қордай: Этносаралық келісім жайлы конференция жасалды

#Қордай: Этносаралық келісім жайлы конференция жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында "Конфессияаралық және этносаралық келісімді одан әрі дамыту - басты міндетіміз" тақырыбында ауқымды конференция өтті.

Шараға Қордай ауданының бас имамы, аудан имам-молдалары, Ардагерлер алқасының мүшелері, ауылдардың қазақ-дүнген қариялары, әкімшілік өкілдері қатысты. 

Көпшілік алдында Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы, Ардагерлер алқасының төрағасы Нұржан Әлімбет, ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы баяндама жасады. 

Дінде бөлінудің жоқ екенін көркем де, дәйекті насихатқа толы сөзімен жеткізген бас имам: "Қазақ халқы ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі Ислам діні қоғамда, мемлекетте тыныштықты, адамгершілікті, парасаттылықты насихат етеді. Алла Тағала адам баласын Құран Кәрімде: «Ол – жаратылғандардың ішіндегі ең абыройлысы», – деп дәріптейді. Сондықтан ата-бабаларымыз осы ұстанымды басшылыққа ала отырып, ұрпағын ізеттілікке, ізгілікке тәрбиелеген. Халық мәдениетінің рухани негізі, баға жетпес құндылығы дәстүрлі дінмен үндесіп жатыр. Шынайы дін өшпенділікке, озбырлыққа немесе алауыздыққа шақырған емес. Ислам кез келген дін өкіліне құрметпен қарайды. Ешкімді дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына қарап бөлмейді. Адамға адами тұрғыдан баға беріп, Алла алдында ешкім ешкімнен жоғары емес, тек тақуалық пен діндарлықта ғана дәрежелері жоғары бола алады деген сеніммен әрекет етеді," - деп, Алланың алдында ұлттардың бірдей екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар үй ішінен үй тігудің қоғамға зиянын да шегелеп атап өтті. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: