Сесто қаласындағы спорт орталығы мұсылман және мұсылман емес қыз-келіншектер үшін арнайы ашылғалы жатыр.
Италияның солтүстігінде орналасқан Сесто қаласындағы Мұсылман орталығы қыз-келіншектер үшін арнайы жаңа жүзу курстарын ашу жоспары туралы хабардар етті. Бұл шара келесі жылдың қаңтар айынан өз жұмысын бастайды. Жүзу курстарының арнайы мұсылман әйелдер үшін ашылып жатқаны қала басшыларынан қолдау тапқанымен, елдегі кейбір саясаткерлердің бұл істі «кемсітушілік» деп танитын сыни көзқарасын тудырып отыр.
Қаладағы мұсылман және мұсылман емес қыз-келіншектерге арналған спорт орталығы 2015 жылдың 19 қаңтары мен 20 сәуірі аралығында ашылады деп жоспарлануда.
Курсқа келушілердің суға түскенде киетін киімді киюлері міндетті емес, ал мұсылман әйелдер шомылуға арналған костюмдер мен әурет жерлерін жауып тұратын жеңіл киімдермен шомыла алады. Жүзу ісін үйретіп отыратын мамандардың барлығы дерлік әйел адамдары болады.