Өзбекстан мұсылмандарын сақалдарын қырып тастауға мәжбүрлеуде

Өзбекстан мұсылмандарын сақалдарын қырып тастауға мәжбүрлеуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өзбекстанның Әндіжан облысы, Пахтаабад ауданында құқық қорғау оргадары зейнеткерлік жасқа жетпеген мұсылман ер адамдарды сақалдарын алып тастауға мәжбүрлеуде.

«Құқық қорғау органдарының нұсқауында Өзбекстанның Қырғызстан елімен шекаралас жатқан Пахтаабад, Ханабад, Хужаабад аудандарындағы сақалды ер адамдар «бақылауға алынсын» деп жазылған», - деп хабарлайды Өзбекстанның «Азатлық» радиосы.

Әндіжанның құқық қорғау органдары Қырғыз елімен шекаралас жатқан аталмыш  аудандарда шариғи киім киген және сақал өсірген азаматтарды тексеріске алуды бастаған. «Бұл тексеру аталмыш аудандардың Қырғызстанға жақын орналасуы себепті жүргізіліп отырған сақтық шаралар», - деп түсіндірді полицейлер бұл әрекеттерін. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: