Мұсылман қыз-келіншектер Халықаралық Әйелдер Конгресіне жиналмақшы

Мұсылман қыз-келіншектер Халықаралық Әйелдер Конгресіне жиналмақшы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемнің барлық елінен келетін 3000-нан  аса делегаттар 27 қазан мен 02 қараша аралығында  Алжирдегі Оране және Мостаганеме қалаларында өтетін Халықаралық Әйелдер Конгресіне жиналмақшы. Конгресті ұйымдастырудағы басты мақсат – Ислам атынан жасалып жүрген әскери соғыстарды тоқтатудың жаңа бағыттарын құру және қоғамның тұрақтылығын сақтап қалуды нығайту.  

Конференцияда сонымен қатар, мұсылман ерлер мен қыз-келіншектердің қоғамда соқтығысып жүрген стереотип мәселелері, қазіргі заманда дәстүрді сақтап қалу туралы көптеген мәселелер төңірегінде тың ойлар талқыға салынатын болады.    

«Жаңалықтардан көріп жүрген түрлі оқиғалар әр адам өз өмірін түбегейлі өзгерту керектігінен хабар береді. Мұсылман қыз-келіншектер әлемдегі қақтығыстар мен шиеленістерді шешуде және өзгертуде көшбасшылық бағдарда болулары керек.  Әйелдерге мейірімділік пен ынтымақтастық қасиеттері тән, сондықтан жер бетінде бейбіт өмірдің  орнауы үшін олардың дебаттарға қатысып өз ойлары мен ұсыныстарын айтулары керек», - дейді осы конференцияны ұйымдастырушылардың бірі шейх Халед Бентунес. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: