АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында донорлық қан тапсыру акциясы ұйымдастырылды.
Мұсылмандар қоғамы әлеуметтік қызметінің хатшысы, акцияны ұйымдастырушылардың бірі Техере Анвар: «Біз, мұсылмандар, өмір және бейбітшілік үшін күресушілерміз, сондықтан осы ойымызды донорлық көмекке мұқтаж адамдарға донорлық қан беру арқылы жеткізуді ойладық», - дейді.
Мұсылмандар қоғамы ұйымы «Мұсылмандар өмір үшін» атты жыл сайынғы жалпыұлттық донорлық акциясын осымен төртінші рет өткізіп отыр. Акция бойынша 33 000 пинт қан жиналған. Мұндай көлемдегі қан мөлшері 100 мың адамның өмірін құтқаруға жеткілікті екен.
«Бұл адамдардың өмірін құтқару үшін біз бере алатын ең бағалы құндылығымыз», - дейді донорлардың бірі Маджеда Малик.