Әлеуметтік Facebook Inc желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг және оның жұбайы Присцилла Эбола індетімен күресу орталығы CDC Қорына 25 миллион АҚШ долларын аударды.
«Эбола індеті жойылуы екіталай кезеңде тұр. Бұл індетті 8400 адам жұқтырып үлгерген. Мұны тездетіп қолға алып, әрекет жасамасақ, зерттеулер мен болжамдар бойынша 1 миллион немесе одан да көп адамдар вирустың осы түрімен ауыруы мүмкін және бұл вируспен адамзат денсаулығын үлкен дағдарысқа ұшыратқан ВИЧ пен полиомиелит сияқты ондаған, жүздеген жыл бойы күресіп өтуіміз де ғажап емес», - деп жазған әлеуметтік желі директоры Цукерберг өзінің Facebook парақшасында.