Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінің имамы Исмаилов Қуаныш бесін намазына келген жамағатқа «бірлік түбі – береке» деген тақырыпта кеңінен уағыз айтты. Келген жамағаттардың сұрақтарына да жауап берді.
"Бірлік пен береке – біздің басты құндылығымыз. Бұл біз үшін алтыннан да қымбат қазына. Ел іргесі бүтін, шаңырағы биік, керегесі кең болуы еліміздегі татулық пен достықтың шынайы көрінісі екені дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Осы татулық пен тұрақтылық мәңгі салтанат құрсын десек, бәріміз бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүруіміз керек" - дейді имам.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі