Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қандастар мәселесі бойынша қоғамдық қатынастар өтті.
Аталған жиынға ауданға қарасты ауыл аймақтардан қандастар қатысты. Сонымен қатар, ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы кездесуге арнайы шақырылды. Іс-шараға келген қонақтардың мәселесі талқыланды. Түйіткілді тақырыптан қозғалып, ұсыныстар тасталды.
Айта кетейік "қандас" деген – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және "Халықтың көші-қоны туралы" Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі